қазақша · русский · english
 
 
 
05.01.2024

Абай университеті мен №119 мектеп-лицейінің коллаборациясы: цифрлық ортада білім берудің сапасын арттыру


2024 жылдың 5 қаңтарында Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының профессоры Абсатова Марфуга Алматы қаласы № 119 мектеп-лицейінің мұғалімдеріне семинар-тренинг өткізді. Семинарда «Цифрлы мектеп» жобасын іске асыру аясында цифрлық ресурстарды іске асыру мүмкіндіктері қаралды. Іс-шараға мектеп директоры Батырбекова Жаныл, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Керімбекова Әйгерім және пән мұғалімдері қатысты.

 

Семинар-тренинг барысында цифрлық білім беру ресурстары ретінде онлайн тақталардың мүмкіндіктері, интерактивті тапсырмаларды, жаттығуларды жасауға арналған платформалар, тесттер мен сауалнамаларды әзірлеуге арналған платформалар және презентациялар жасауға арналған құралдар қарастырылды. Кездесуде мұғалімдер нақты режимде google.forms арқылы онлайн сауалнама өтуге тырысты, kahoot платформасында оқу ойынын ойнап, Padlet онлайн тақтасына тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, семинарда М. Абсатованың жетекшілігімен біліктілікті арттыру курстарына белсенді қатысқан мұғалім Харсан Мейірлан цифрлық құралдарды таныстырды. Кездесу мұғалімдер мен мектеп басшылығының кері байланысымен және жылы лебіздерімен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу