қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2023

Педагогика және психология институтының Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастығы

 

Ынтымақтастық туралы екіжақты келісім аясында Чирчик мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамынан делегация 2023 жылғы 8-11 қараша аралығында Педагогика және психология институтында «Арнайы педагогтарды даярлауды жетілдіру» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама аясында институт директоры Г. Абаева «Қазақстандағы инклюзивті білім беру: іске асыру жолдары» тақырыбы бойынша Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді жолдарын ашып, бірқатар дәрістер өткізді. Ғылым жөніндегі директордың орынбасары М. Абсатова jamboard, Padlet, Google. forms, Mentimeter.com және т.б. цифрлық ресурстарын қосу арқылы интерактивті іс-әрекетті жандандыра отырып, «Заманауи жағдайда педагог кадрларды кәсіби даярлаудағы инновациялар» тақырыбы бойынша семинарлар өткізді.

 

Әріптестер «Арнайы педагогика» кафедрасы жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, жетекші профессорлардың сабақтарына қатысты.

 

Тағылымдама аясында «Қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында панельдік пікірталас ұйымдастырылды, онда спикерлер қонақтар өз ұсыныстарымен бөлісіп, одан әрі тығыз ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу