Педагогика және психология факультеті |
09.11.2023
Педагогика және психология институтының докторанттары зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибелерімен бөлісті
2023 жылдың 9 қарашасында Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен өткізілген докторанттардың ғылыми семинары табысты аяқталды. Семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы және 1, 2, 3 курс докторанттары қатысты. Ғылыми семинардың модераторы 3-ші курс докторанты Н. Тилеубаева болды.
Семинарда Бекмұрат Айдостың «Мектеп жасына дейінгі аутизмі бар балалардың сөйлеуіндегі лексико-семантикалық жағын дамытудағы АВА терапияның мәселесі», Таипова Зульфияның «Білім берудегі будандастырудың негізгі элементі ретінде hyflex технологиясының ерекшеліктері», Ержанова Гульнурдың «Болашақ арнайы педагогтердің зерттеушілік құзыретін дамыту мәселесі», Бакирова Закираның «Педагогикалық бағыттағы магистранттардың цифрлық құзіреттілігін қалыптастырудың шынайы жағдайы мәселесінің зерттелуінің жағдайы», Хасанова Аиданың «Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың кәсіптер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыптарындағы баяндамалары тындалды.
Семинарға қатысқан Педагогика және психология институтының ғылым жөніндегі директор орынбасары М.Абсатова, қауымдастырылған профессорлар Жүндібаева Т., Абитова Г. және т.б. ғалым оқытушылар өздерінің сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Семинар спикерлері алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуына тілектестік білдіріп, осындай тамаша мүмкіндік беріп отырған ғылыми алаң үшін өз алғыстарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|