қазақша · русский · english
 
 
 
21.09.2023

Министр Саясат Нұрбек Абай атындағы ҚазҰПУ да болды


2023 жылғы 19 кыркүйекте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ұжымымен кездесті. Кездесу барысында университет ұжымына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жаңадан тағайындалған Басқарма төрағасы-ректоры Болат Тілепті таныстырды. Іс-шараға университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Сонымен қатар, министр Саясат Нұрбек университеттің Педагогика және психология институтында болды. Биыл жаңа оқу жылы қарсанында институттың оқу ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи жиһаздармен жабдықталған, интерактивті панельдер, мультимедиялық студия, оқу кабинеттері мен зертханалар барлық қажетті құрал-жабдықтармен және жаңа технологиямен жаңартылды. Институттың материалдық-техникалық базасымен танысып, оқытушылармен және студенттермен сөйлесті.

 

Институттың заманауи талапқа сай дәрісханаларын институттың директоры Г.Абаева таныстырды.

 

Кездесу соңында министр студенттерге жылы лебізін білдіре отырып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу