Педагогика және психология факультеті |
30.06.2023
Ақпаева А.Б. - «Абай атындағы ҚазҰПУ үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы
Асель Бакировна көп жылдар бойы осы бағытта табысты жұмыс жасап келеді: ол мектептер мен ЖОО оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша пәндерден дәріс оқиды, онлайн және офлайн режимінде оқытуды жүзеге асыру үшін әдістемелік пәндердің цифрлық контентін әзірлеумен және тәжірибеге ендірумен айналысады, онлайн-сарапшы, халықаралық және республикалық байқаулардың қазылар алқасының мүшесі болып табылады, мектептер мен жоғары оқу орындарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттырудың онлайн курстарын әзірлеп, өткізеді. Асель Ақпаева өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісіп, болашақ педагог мамандарына білім берумен белсенді түрде айналысып жүр.
Асель Бакировнаны бастауыш білім беру кафедрасының ұжымы шын жүректен құттықтайды! Оның жетістіктері мен көп жылғы жемісті еңбегі университет басшылығы тарапынан лайықты бағаланып жатқанына қуаныштымыз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|