қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2017

         «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ: ТӘЖІРИБЕ, АМАЛДАР, ПРОБЛЕМАЛАР» АТТЫ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ 2-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

           Педагогика және психология институты, Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен, 2017 жылдың 18-19 мамыр күндері «Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» аттымұғалімдер мен ғалымдардың2-ші Республикалық конференциясы өтті. Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызының алғы сөзімен басталды. Педагогика және психология институтының директоры Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы конференция қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі.

 

 

 

         Конференцияға Нюрнберг университеті көп салалы және халықаралық зерттеу кафедрасының меңгерушісі РhD докторы, профессор Рахкошкин Анатолий Анатольевич Германияның дуальді оқыту жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Пленарлық мәжілісте мектеп, колледж директорлары, «Өрлеу» АҚ педагог мамандардың біліктілігін арттыру орталығының басқарма бастығы және жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасады. Пленарлық мәжілісте айтылған ойлар, пікірлер педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызының баяндамасымен тұжырымдалып, аяқталды.
        Конференцияда мектеп, колледж және ЖОО оқытушылары мен ғалымдарының тәжірибе алмасуы мен педагог кадрларды даярлауда жаңа инновациялық амалдарды, әр түрлі әдістерді іздестіру мақсатында келесі секциялық мәжілістер жұмысын атқарды:
1. Педагог кадрларды даярлауда «мектеп-колледж-ЖОО» өзара іс-әрекетінің инновациялық формалары
2. Білім саласын басқару органдарының педагогикалық білім берудегі ынтымақтастықты ұйымдастыру қызметтері
3. Педагогикалық мамандықтарға жастарды кәсіби бағдарлау
4. Дуальді оқыту жағдайында педагогикалық практиканы ұйымдастыру.

        Еліміздің 10 облысынан (Алматы облысы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шығыс-Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Павлодар облысы)және шет елден (Германия) келген мектеп, колледж және ЖОО оқытушыларның 200-ге жуық баяндаламалары конференция бағдарламасына енгізілді.
          Конференция барысында электронды презентациялар және постерндік мәжіліс - стендтік баяндамалар конкурсы ұйымдастырылды. Постерндік мәжіліс және электронды презентациялар эксперттік комиссияның бағалау нәтижесі бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
           Электронды презентациялар конкурсы бойынша:

I дәрежелі дипломмен
Көп салалы және халықаралық зерттеу кафедрасының меңгерушісі РhD докторы, профессор Рахкошкин Анатолий Анатольевич Германия, Нюрнберг университеті,


IІ дәрежелі дипломмен
Аманкулов Абдрасули Тулесинович Есік гуманиатарлық-экономикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы


IІІ дәрежелі дипломмен
Сыздыкбаева Айгуль Джуманазаровна


       Типанова Назигуль Каиырбековна, Ильясова Жанаргуль Сагантаевна Павлодар Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі марапатталды.


    Эксперттік комиссия шешіміне сәйкес постерндік баяндама қорытындысы бойынша:

I дәрежелі дипломмен


Кудайбергенова Шолпан Дюсекеновна, Шығыс-Қазақстан облысы Бородулихин районы, КГУ «Новопокровск орта мектебі», диркетордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары иеленді.

IІ дәрежелі дипломмен Аяганова Алма Кызылорда қаласы, Коркыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, психология ғылымдарының кандидаты марапатталды.

ІІI дәрежелі дипломмен


Мансурова Меруерт Алмабеккызы, Кызылорда қаласы, Коркыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Педагогика және психология» мамандығының магистранты марапатталды.

             Конференция қатысушыларына:
- конференция бағдарламасы;
- сертификат;
- баяндамаларжинағы;
- презентацияларжинағы (презентациялар конкурсы қатысушыларына)берілді.
        Мектеп, колледж және ЖОО-ры арасында ара қатынасты нығайту және дуальді оқыту жүйесін дамыту мақсатында білім беру мекемелерінің басшылары бас қосқан Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызының басшылығында «Серіктестік диалогы» өткізілді. Әңгіме барысында мекеме басшылары дуальді оқыту жүйесінің дамуына ұсыныстар беріліп, тәжірибе алмасты.

 




Кері оралу