Педагогика және психология факультеті |
31.03.2023
Kazdual жобасы аясында NGS мектебі мен Абай университеті арасындағы ынтымақтастық жалғасуда
2023 жылғы 30 наурызда Педагогика және психология институтының «6В01303-Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығының бакалавриат студенттері пилоттық дуальды білім беру бағдарламасының серіктесі - NGS жаңа буын мектебінің ұйымдастыруымен тренингтен өтті. Спикер, «GLOBAL NOMAD EDUCATION» консалтингтік компаниясының директоры Алмагүл Қанағатова «Мұғалім өмірінің дизайны» тақырыбында мотивациялық тренингін өткізді. Ол студенттердің назарын мұғалім жұмысындағы уақыттың жаңа міндеттеріне аударды. Білім алушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, пікірталасқа қатысты. Тренинг серіктес мектеп жоспарлаған өндірістік оқыту аясында өтті. Тренингке кадрларды оқыту және дамыту жөніндегі директор Ирина Ким қатысты. Ол сондай-ақ, 13 сәуірде кезекті «Шешендік өнер мектебі» тренингін өткізуді жоспарлады.
Сол күні мектеп басшылығы мен университет өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді. Келіссөзге Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан профессорлар бастауыш білім беру кафедрасының практика жетекшісі Лариса Лебедева мен KazDual жоба тобының мүшесі Асель Акпаева қатысты. NGS мектебінен: мектеп директорының кеңесшісі Зина Назаралиева, кіші мектептің академиялық үлгерім департаментінің директоры Раушан Бекмұратова, оқушыларды сүйемелдеу департаментінің директоры Мадина Нұрсеитова, HR директор Александра Хон және «Жаңа буын мектебі» департаментінің HR маманы Ақжан Пірәлі қатысты.
Іс-шара барысында 2023-2024 оқу жылындағы 2 курстың оқу жоспары аясындағы өндірістік оқыту бағдарламалары мен оқу практикасын біріктіру, 2 курс студенттерінің оқу үдерісінің кестесі, мектеп тәлімгерінің «Функционалдық сауаттылық» пәнін оқуын жоспарлау және дуальды бағдарламаны жетілдірудің маңызды мәселелері талқыланды. 2023 жылдың мамыр айында ACQUIN агенттігінде аккредиттеуден өту, тәлімгерлердің сұхбатына дайындық мәселелерін қарастырып, Абай университетінің Педагогикалық шеберлік орталығында тәлімгерлердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы мен форматын талқылау ұсынылды.
Келіссөзге қатысушылар студенттердің өндірістік оқытуға арналған электронды жұмыс парақтарына мониторинг жүргізуді жетілдіру мәселесін қозғады. 2023 жылдың сәуір айында өтетін оқу практикасының жоспарын талқылады.
618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP - Эразмус+ бағдарламасының «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу - KAZDUAL» жобасы аясында белсенді ынтымақтастығы үшін мектеп директоры Самал Ахметоваға, бастауыш сыныптың академиялық үлгерім департаментінің директоры Раушан Бекмұратоваға және тәлімгерлерге алғыс білдірілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|