қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2023

Педагогика және психология институтының докторанттары ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибелерімен бөлісті

 

2023 жылы 28 ақпан күні Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен өткізілген докторанттардың ғылыми семинары табысты аяқталды. Семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы және 2-3 курс докторанттары қатысты. Ғылыми семинардың модераторы - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты Н.Н. Тилеубаева болды.

 

Аталмыш семинарда «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанттары Ж.Қ.Смағұл, Н.В.Сюй-фу-шун, А.С.Кударинова мен «8D01101 - Педагогика және психология» мамандығының 2-ші курс докторанты А.Ш.Баймахова, «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты А.А Ауезова және «8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» мамандығының 2-ші курс докторанттары М.А. Баймаханбетова және Б.К Иксатова зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайтын тақырыпта жасаған баяндамаларымен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысқан педагогика ғылымдарының докторлары, профессор З.А.Мовкебаева, А.Е.Манкеш, М.А.Абсатова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Т.Н.Жүндібаева және т.б ғалым оқытушылар өздерінің сұрақтары мен ұсыныс-тілектерін ортаға салды. Семинар спикерлері алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуына тілектестік білдіріп, осындай тамаша мүмкіндік беріп отырған ғылыми алаң үшін өз алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу