қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2023

Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция


2023 жылдың 23 ақпанында Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» ББ бойынша күндізгі бөлімнің 2-курс (3жылдық), 3-курс (4 жылдық) студенттерімен 2-жарты жылдықтағы педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті.


Конференцияда студенттер практика бағдарламасына сай жүргізген жұмыстарының есебін әр мектеп бойынша таныстырылым, бейнероликтер түрінде ұсынып, әрбір сабақта тиімді болған интербелсенді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үдерісін жүргізуде, ата-аналармен, инклюзив оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлерін ұйымдастыруда, мектепішілік ұйымдастырылған іс-шараларда студенттердің жеткен жетістіктері бәсекеге қабілетті маман даярлауда педагогикалық практиканың маңыздылығын көрсетті.


Практика жетекшілері мен педагог, психологтар студенттердің педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекетін талдап, баға берді. Практиканы үйлестіруші аға оқытушы Гүлнара Омарова педагогикалық практика бойынша студенттердің қорытынды бағасын жариялады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу