қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2022

Менің мамандығым - педагог


2022 жылғы 14 қарашада «Менің мамандығым - педагог» VII Халықаралық эссе байқауының қорытындысы шығарылды. Биылғы жылы байқау қатысушыларының ауқымы кеңейтілді, яғни «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі білім беру», «Арнайы педагогика», «Педагогика және психология» мамандықтарының 1 курс студенттері шақырылды.


Байқаудың мақсаты - студенттердің кәсіби қабілеттерін анықтау, олардың дарындылығын, кәсіби-педагогикалық және шығармашылық әлеуетін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау.


Әр студент өз эссесінде педагог мамандығын таңдауға не әсер еткенін, болашақта өзін қалай көретінін айтты. Барлық қатысушылар бүгінгі таңда педагог мамандығының маңыздылығын атап өтті, қазіргі заман педагогінің бойында болуы керек қасиеттері сипатталды. Жұмыстардың басым бөлігінде мамандықты таңдауға мектептегі алғашқы мұғалімнің профилі әсер еттілгендігі қозғалды. Студенттердің эссесінде педагогикалық қызметті таңдауға саналы түрде қарағандарын көруге болады.


Қазылар алқасы 76 эссені бағалады. В. Шукшина атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Янки Купала атындағы Гродно университеті, Слупскідегі (Польша) Померания академиясы, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Ош мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы колледж, Қазан федералды университетінің студенттерінің жұмыстары, сондай-ақ біздің университет студенттерінің жұмыстары болды.


Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды. Өйткені, әр эссе - бұл бастауыш сынып мұғалімінің өмірі мен тағдырының бейнесі іспеттес. Байқауға қатысушылардың тәжірибесі мен үмітінің шағын композициясын сөзбен көру, оларды бағалай білу өте маңызды болды.


Байқауға қатысқан барлық студенттерді құттықтаймыз! Барлығына дипломдар мен сертификаттар берілді.



Қазылар алқасының мүшелеріне ерекше алғыс білдіреміз:


Кдырбаева А.А., Рябова Е.В - Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бастауыш білім беру» кафедрасы;


Калыкбаева А.Ж., Мирзахметова У.А , Рахым Ж. - Абай атындағы ҚазҰПУ, «Арнайы педагогика» кафедрасы;


М.Ә. Шәуенова, Ә.И. Булшекбаева, С.Ж.Еркебаева - Абай атындағы ҚазҰПУ, «Мектепке дейінгі білім беру және арнайы педагогика» кафедрасы;


Жундибаева Т.Н., Абдрахманова Р.Б., Таженова Г.С., - Абай атындағы ҚазҰПУ , «Педагогика и психология» кафедрасы;


Карамергенова Л.Б., Петрова И.С., Тилеуова Н.С. - КМҚ «№ 34 гимназия» бастауыш сынып мұғалімдері;


Цыбуля А.Е., Cтамшалова Ж.К., Козленко А.С., Алексеева А.В., Бросалина Н.Г., Решетова З.В., Алексеева М.Г., Маханова А.Ж., Маметова Э.Х., Сеилбаева А.А. - ЖШС «Bilimkana-Almaty (Білімхана -Алматы)» педагогтері.


Кондрашова А.В. - «№ 68 гимназия-мектебі» мұғалімдері.


Айта кету керек, қазылар алқасының көптеген мүшелері бұрын біздің университеттің студенттері болған. Студенттік конкурстар арқылы біз түлектерімізбен байланыста боламыз, өзекті мәселені - білім берудегі сабақтастықты шешуге тырысамыз.


Байқаудың үйлестірушілері М. А. Абсатова мен Е. В. Рябова болды.


Байқау қорытындысы бойынша эсселер жинағын электронды нұсқада шығару жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу