қазақша · русский · english
 
 
 
04.11.2022

Білім беру бағдарламалары бойынша сауалнама нәтижелері туралы ақпарат

 

7М011 - Педагогика және психология бағытындағы: 7М01101 - Педагогика және психология, 7M01103 - Білім берудегі менеджмент, 7М01102 -Педагогикадық өлшемдер


Педагогика және психология ББ-на магистранттар мен жұмыс берушілердің қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында Google Forms-та сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі білім беру бағдарламасының мәжілісінде талқыланды (Хаттама №3. 20.10. 2022 ж.)

«Магистранттарға арналған сауалнама» нәтижесі бойынша, магистранттардың білім беру бағдарламалары арқылы алған білімдеріне жалпы көңілі толатындығы анықталды.

 

 

Сауалнамаға қатысушылардың 66,7 пайызы ББ пәндері мен олардың мазмұны қоғамның сұранысына сай екендігін көрсетті.

 

 

Жалпы, магистранттардан алынған сауалнама нәтижесі білім беру бағдарламасы бойынша оқытылып жатқан пәндердің дұрыс бағытта ұйымдастырылғандығын, емтихандарды өткізу нысандары, шарттары, әдістері нақты анықталғанын, оқытушылардың өз сабақтарында заманауи технологияларды қолданатындығын, магистранттарды қызықтырып, оқуға ынталандыратындығын, обьективті бағалай алатындығын көрсетті. Алайда, магистранттардың 41,7 пайызы кабинеттер мен аудиториялар семинарлар, зертханалар мен практикалық сабақтарын өткізу үшін жеткілікті түрде жабдықталған деп ойлайтынын байқатты.

 

 

«Жұмыс берушілерге арналған сауалнама» нәтижесі де жұмысқа қабылдаушы ұйымдардың төрттен үш бөлігі жұмыс істейтін магистратура түлектерінің атқаратын және жүзеге асыратын қызметі олардың біліктілік деңгейіне сәйкес келетіндігін және 90 пайызға жуығы ББ түлектерінің арнайы, кәсіби құзыреттіліктері туралы жақсы пікірде екендігін көрсетті.

 

     

 

Алынған сауалнама нәтижелеріне талдау жасау барысында жоғарыда аталған бағдарламалардың талапқа сай жүзеге асып жатыр және магистранттар мен жұмыс берушілердің сұраныстарына жауап береді деген қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

 




Кері оралу