қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2022

«Егеменді, еңселі елім менің!» іс-шарасы

 

2022 жылдың 22 қазанында Педагогика және психология институтының «Педагогика» кафедрасында Республика күніне арналған «Егеменді, еңселі елім менің!» тақырыбында онлайн ашық шығармашылық іс-шара өтті. Модератор - доцент Светлана Жұмашева.


Аталмыш іс-шараға қатысушы Математика, физика және информатика институтының «Математика» мамандығының 2-ші курс студенттері «Елім- алтын бесігім» (МОК 213 тобы), «Өркендей бер, Қазақстан!» (МОК 211 тобы) және «Егеменді, еңселі елім менің!» (МОК 212 тобы) тақырыптарында ұжымдық-шығармашылық жобаларын қорғады. Бұл ұжымдық іс әр студент-практикантқа өз мүмкіндіктерін айқындап, өзіндік педагогикалық шығармашылығын танытуға және мамандығы бойынша кәсіби ресурсін ашуға өз септігін тигізді.

 

Мерекелік шараға мектеп мұғалімдері, 3-4 курс практиканттары, Мансап орталығының қызметкерлері қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу