қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2022

«TEMRIN» журналының бас редакторымен кездесу

 

2022 жылдың 22 қазан күні Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, студенттері, магистранттары және докторанттарының қатысуымен шетелдік ғалымдарды тарту мақсатында Түркияның Эрзурум қаласындағы «TEMRIN» журналының бас редакторы, PhD(доктор) Ашур Оздемир мырзамен кездесу ұйымдастырылды.


Кездесу барысында Ашур Оздемир мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы балалар әдебиетінің алатын орны маңызды екенін атап өтті, сонымен қатар Түркия мемлекетіндегі мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктерімен бөлісіп, балалар әдебиетіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Кездесу өте тартымды, әсерлі өтті.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу