Педагогика және психология факультеті |
30.09.2022
Болашақ психологтар педагогикалық тәжірибенің 1-ші кезеңін сәтті аяқтады
«6В03111 - Психология: Практикалық психологтарды даярлау» мамандығы 3-курс студенттері оқу бағдарламасына және академиялық күнтізбеге сәйкес 01.09.22ж. - 01.10.22ж. аралығында педагогикалық іс-тәжірибен өтті және оның 1-кезеңін табысты аяқтады. Практика базалары ретінде №43, №185 жалпы білім беретін мектептер мен №206, №53 мектеп-гимназиялары, №56 Қ.Сатбаев атындағы гимназия, №34 гимназиялар бекітілген. Аталған білім беру орындарында 95 студент психология ғылымдарының докторы, профессор м.а. А.Т.Акажанованың, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Д.Жигитбекованың, психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Э.Д.Абишеваның, магистр, аға оқытушы Г.А.Момбиеваның және база әдіскерлерінің жетекшілігінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп, кәсіби іс-әрекеттің қыр-сырын меңгерді.
Атап айтар болсақ, №185 жалпы білім беретін мектептегі практикант-студенттеріміз оқу орнындағы әдіскері Г.А.Момбиева мен базадағы әдіскер-психолог Н.А.Базарғалиеваның жетекшілігімен оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен көптеген психологиялық іс-шаралар өткізіп, практик психологтың психодиагностикалық, психокоррекциялық, психопрофилактикалық, психоконсультациялық жұмыс бағыттарын толық қамтып отыр. Практикант-студенттеріміздің жүргізген жұмыстарын мектеп директоры К.Р.Кержикеева да мұқият бақылап, олардың кәсіби іс-әрекеттеріне қолдау білдіріп, ризашылығын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|