Педагогика және психология факультеті |
13.09.2022
Бастауыш білім беру бағдарламаларының түлектері диплом жобаларының нәтижелері туралы
Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру кафедрасы 2022 жылғы түлектермен дипломдық жобаларды жазу және ендіру нәтижелері туралы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 54 түлек (27 орыс бөлімі және 27 қазақ бөлімі) қатысты. Бастауыш білім беру кафедрасының түлектерінің 70% диплом жобасына жетекшілік етуді ұйымдастырудың сапасын жоғары деп бағалады.
2021-2022 оқу жылында жобаның әрбір қатысушысының қосқан еңбегінің үлесі бойынша жобаларды бағалау критерийлері әзірленгендіктен, критерийлердің түсініктілігі және комиссияның оларды қолданудың әділдігі жалйы сұрақ қойылды. Түлектердің 92,6% жобалық топтың әр мүшесі жұмысының әділ бағаланғандығын атап өтті.
Респонденттердің орыс бөлімі бойынша 74%-ы және қазақ тобының 85%-ы топта жоба бойынша жұмыс істегенді ұнататындықтарын және жұмыс тобының құрамына қанағаттанғандықтарын айтты. Қазақ топтарындағы жұмыс тобының жетекшісімен кездесіп, ақыл-кеңес алуы мен топтағы кездесулердің жиілігі бірдей, яғни сауалнамаға қатысушылардың 80%-ы аптасына 1-2 рет болатынын жазған. Орыс топтарындағы түлектердің 70%-ы өзара және жетекшімен аптасына 1-2 рет кездескенін көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан түлектердің 90%-ы ғылыми жетекшінің жобамен жұмысты ұйымдастыру сапасының жоғары екенін атап өтті.
Сауалнамаға қатысқан орыс бөлімі түлектерінің 93%-ы оқу құралдарын мектеп жұмысында пайдаланады. Қазақ бөлімінің респонденттері арасында бұл көрсеткіш 81%-ды құрады. Дипломдық жобаларды қорғауға шыққанда түлектердің баспа немесе электронды форматта оқу құралдарын (ойындар, тренажерлер, қосымшалар және т.б.), әдістемелік нұсқаулықтар, жұмыс дәптерлері, оқушылармен жұмыс жасауға арналған авторлық бағдарламаларын және т. б. дайын күйінде ұсынғанын атап айтқымыз келеді.
Дипломдық жобаның түріне қатысты пікірлер әртүрлі болды. Қазақ бөлімін бітіргендерінің 70%-ы және орыс бөлімінің 56%-ы шағын топтарда жұмыс істегенді ұнатқанын айтқан. Олар жобаның нәтижесі дайын дидактикалық өнім (жинақ, дәптер, оқу құралы және т.б.) болуы керек деп санайды. Қазақ бөлімінің түлектерінің 30%-ы және орыс бөлімінің 44%-ы өнім (жинақ, дәптер, құрал, т.б.) дайындай отырып, жеке жоба жазуды немесе тәжірибелік-эксперимент жұмысын өз бетімен жүргізе отырып, жеке диплом жұмысын жазуды қалайтынын жазған.
Сауалнаманы кафедра меңгерушісі Азия Жумабаева, доцент Асел Ақпаева, аға оқытушы, PhD Жупат Астамбаева әзірледі. Бастауыш білім беру кафедрасы алынған нәтижелер негізінде бітіруші курс студенттерін бітіруші біліктілік жұмыстарын жазуға даярлаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|