қазақша · русский · english
 
 
 
27.06.2022

Бакалавриат және магистратура түлектері өз жұмыстарын сәтті қорғады


2022 жылғы 27 мамыры мен 23 маусымы аралығында Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кәсіптік даярлау бөлімінде Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы бакалавриат және магистратура түлектерінің дипломдық жобалары мен магистрлік диссертацияларын қорғауын тыңдады.


МАК төрайымы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, п.ғ.д. С.Н.Жиенбаева білім алушылардың зерттеу тақырыптарының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті, өйткені олар өз зерттеу бағыты бойынша нақты мектепте қолдануға жарамды өнімдерді ұсына алған.


5В010200 -Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі оқу бағдарламасы бойынша А.Манахова, С.Нагимова, М.Лаврованың «Разработка системы упражнений по развитию математической речи учащихся начальных классов», А.Мәдени, Г.Маханова, А.Кәрім, А.Аманның «Қазақ тілі» пәнінің «Тіл және сөйлеу» бөлімі бойынша диктанттар жинағын құрастыру», Н.Қойшыбай, А.Қожахмет, Ж.Қаскабай, А.Алдаберген «2-сынып «Математика» пәнінің «Шамалар және олардың өлшем бірліктері» бөліміне дидактикалық материалдар дайындау» тақырыптарындағы зерттеу жұмыстары ерекше атап өтілді. ҚОТ негізіндегі күндізгі оқу бөлімінің (6В01303- Бастауыш білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен мамандығы) келесі студенттерінің жоба жұмыстары жоғары бағаға ие болды: К.Остапенко, Т.Галямина, А.Амунатова, В.Шаповалова («Разработка сайта с заданиями по технологии развития критического мышления»); А.Жигалова, О.Нерода, А.Итимгенова («Разработка сборника упражнений по совершенствованию навыков чтения у обучающихся начальной школы»); М.Кочергина («Разработка сборника упражнений, способствующих развитию навыков чтения»).


7М01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша қорғалған магистрлік диссертацияларды атап өтуге бөлуге: Касымова Н.М. «Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыруда электрондық ресурстарды пайдалану», Қаппар Н.С. «Әдебиеттік оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды интеллектісін қалыптастыру», Мұсатаева Н.М. «Мәнерлеп оқу негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу қабілетін дамыту», Нуржанова В.А. «Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін жасанды тілдік орта қалыптастыру арқылы оқыту», Үркінбай Ұ.Ә. «Бастауыш сынып оқушыларында «soft skills» дағдыларын қалыптастыру» атты тақырыптағы қорғалған диссертациялық жұмыстарды ерекше атап өтуге болады, бұл жұмыстардың тәжірибелік қолданыстық мүмкіндіктерін, эксперименттік зерттеу аясының кеңдігін, магистранттар жұмыс мақсаттарын неғұрлым толық, жан-жақты аша алғандығын, өз беттерімен ізденген қосымша әдебиет көздерінен дәлел келтіре отырып, сұрақтың төңірегіндегі өзекті проблемаларды шешу жолдарын көрсете білді. Комиссия мүшелерінің қойған қосымша сұрақтарына сенімді түрде жауап беріп, өздерінің көзқарастарын жеткізе алды. Ғылыми еңбектердегі анықтамаларға сүйене отырып, психологиялық-педагогикалық ұғымдардың мәнін аша алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу