қазақша · русский · english
 
 
 
09.06.2022

«Балдәурен білгірі-2022» ІІІ Республикалық ғылыми-зерттеу жұмысы

 

2022 жыл 7-8 маусым аралығында Алматы обылысы, Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай-Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдәурен білгірі-2022» ІІІ Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Зерттеу жұмыстары мен жобалар келесі бағыттар бойынша қорғалды:

1-бағыт: «Тілдердің үштұғырлығы» (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі);
2-бағыт: «Көркем әдебиет» (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);
3-бағыт: «Сандық ресурстар» (математика, қолданбалы математика);
4-бағыт: «Ғаламшар ғажайыптары» (физика, космос, техника);
5-бағыт: «Адам денсаулығы» (биомедицина, медицина);
6-бағыт:«Туған жерге тағзым» (өлкетану, дүниетану, этно-мәдениеттану);
7-бағыт: «Жаратылыстану ғылымдары» (химия, биология, жаратылыстану, экология);
8-бағыт: «Ақпараттық технологиялар» (информатика, робототехника);
9-бағыт: «Ұлыдаланың жеті қыры» (тарих, география, көркемеңбек)
10-бағыт: «Әлеуметтік жобалар» (барлық сала бойынша).


Іс-шара балалардың шығармашылық ойлауы мен зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік жобаларға бейімделуін қалыптастыру мақсатын нысанаға алды.

 

Байқау қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар,  Гран-при ұтып алған балаларға «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама берілді. Жетекшілеріне де құрмет грамоталары табысталды.


Бұл іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология, Жаратылыстану және география, Өнер, мәдениет және спорт, Математика, физика және информатика, Филология институттарының профессор-оқытушылары байқаудың әрбір бағыттары бойынша әділ-қазылық жұмысын атқарды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу