қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2022

Дефектология-педагогиканың ерекше саласы

 

2022 жылдың 16 наурызында ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде Абай атындағы ҚазҰПУ арнайы педагогика кәсіби даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен талапкерлер, мұғалімдер, мектеп және колледж басшылары қатысты. Барлық қатысушылар саны 97 адамды құрады.

 

Акция құттықтау сөздерімен басталды, сөз сөйлегендер: Динара Байдосова - арнайы педагогиканы кәсіби даярлау бөлімінің мүшесі, кәсіби бағдар жұмы беру жұмысына жауапты мүше, аға оқытушы; Ақбота Аутаева - арнайы педагогиканы кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі, қауымдастырылған профессор және Бауыржан Жанкушков - Маркетинг бөлімінің жетешісі, педагогика және психология институтының аға оқытушысы. Олар және басқа оқытушылар университеттің жетістіктері, оның білім беру бағдарламалары туралы айтып, түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға тілек білдірді. Дефектология тек күшті білімді ғана емес, сонымен бірге мейірімділік пен жауаптылықты қажет ететін педагогиканың ерекше саласы екендігі атап өтілді.

 

Іс-шараға «Дефектология» мамандығының 1-4 курс студенттері белсене қатысты. Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге кешегі біздің университеттің бірінші курс студенттері үлкен көмек көрсетті.

 

«Арнайы педагогика» мамандығының барлық бағыттары туралы ақпаратпен презентациялар, бейнероликтер көрсетіліп, оқуға түсуге байланысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Талапкерлерді грант, қашықтықтан оқыту, оқуға арналған төлем құралдары, жеңілдіктер және білім беру бағдарламалары туралы сұрақтар қызықтырды. «Ашық есік күні» белгіленген жоспар бойынша сәтті өтті. Талапкерлерге толық байланыс ақпараты берілді. Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Іс-шара соңында түлектерге ізгі тілектер айтылып, акция «Дефектология» мамандығы туралы өлеңмен аяқталды.

 

Армандарым көп менің, таудай үлкен талабым,

 

Мықты əрі білікті маман болу қалауым.

 

Жақсы оқып сабақты, ақтап шығып үмітті,

 

Əркез биік ұстаймын «Дефектология» жалауын

 

   

 

   




Кері оралу