қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2022

Әдістемелік семинар «А.Байтұрсынұлы әліппелерінің қазіргі «Әліппемен» үндестігі»

 

2022 жылдың 25 ақпанында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Мектеп мұғалімдеріне көмек: Ахмет Байтұрсынұлы әдістемелерінің негізінде жазылған қазіргі «Әліппені» оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбында Алматы қаласындағы №185 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды «Әліппе» оқулығының авторы, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты «Бастауыш білім» беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Е.Жұмабаева өткізді.

 

   




Кері оралу