қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2022

«Мамандық таңдау сыры неде» кәсіби бағдар беру тренинг-семинары


2022 жылдың 23 ақпанда Алматы қаласы, Алатау ауданы №185 жалпы білім беретін мектепте кəсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлімінің жетекшісі, «Бастауыш білім» беру бағдарламаларының аға оқытушысы Бауыржан Жанкушовтың және №185 ЖББМ директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақыл Самарханұлының ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен «Мамандық таңдау сыры неде?» тақырыбында кәсіби бағдар беру тренинг-семинары өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - педагогикалық білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық қызметтің беделін көтеру, педагогикалық жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, ұлттық біріңғай тестілеу өзгерістерімен жаңалықтарымен таныстыру.

 

Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Түлектердің ата-аналары өздерін толғандырған сауалдарына жауап алып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мектеп әкімшілігінен осындай кездесуді тағы да ұйымдастыруды сұрады.

 

   




Кері оралу