Педагогика және психология факультеті |
23.02.2022
«Білім берудегі коучинг және тәлімгерлік» тақырыбында оқытушыларға арналған әдістемелік семинар
2022 жылдың 22 ақпанында «Бастауыш білім беру» бағдарламасының кәсіби дайындық кафедрасының профессоры Аренова А.Х. педагогика және психология институтының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Білім берудегі коучинг және тәлімгерлік» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында мамандарды кәсіби даярлаудағы коучинг пен тәлімгерлік қызметтің түрлі аспектілері, 21-ғасырдың негізгі құзіреттіліктері, оқыту нәтижесіне бағытталған жоғары білім берудің мазмұнына қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының талаптары талқыланды. Нәтижесінде қазіргі заманауи мұғалімнің репертуары, мұғалім шеберлігі, GROW моделі, коучинг құралдары, мұғалім жұмысындағы коучинг форматтары сынды мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ тәлімгердің қасиеттері, университет қабырғасындағы тәлімгерліктің формалары, әдістері, түрлері жайлы айтылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|