қазақша · русский · english
 
 
 
28.01.2022

Арнайы педагогика білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жол картасы


2022 жылғы 28 қаңтарда РОӘК ОӘБ Абай атындағы ҚазҰПУ «Арнайы педагогика» даярлау бағыты бойынша онлайн-офлайн форматта «Арнайы педагогика білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жол картасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 100-ден астам қатысушылар қатысты, олардың ішінде ҚР ЖОО ПОҚ және ҚР арнайы және орта мектептерінің педагог- практиктері.


Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы «Арнайы педагогика» даярлау бағыты бойынша ОӘБ жобалық командасы, бірлесіп ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ.

 

Дөңгелек үстел модераторы А.Н.Аутаева, ұжымдық жобалау жетекшісі, психол.,ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ қауымд.профессоры арнайы педагогтарды даярлауды жаңғыртудың негізгі бағыттары: арнайы педагогтарды даярлаудағы басым бағыттарды айқындау, ББ іске асыру шарттары, "Арнайы педагогика" мамандығының білім беру бағдарламаларын жетілдіру, білім беру бағдарламасын іске асыру нәтижесі ретінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру туралы айтты.

 

Дөңгелек үстелде Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімінің жетекші ПОҚ және ҚР ЖОО оқытушылары сөз сөйледі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды мемлекеттік қолдаудың заманауи жағдайы туралы мәселені ашты.

 

ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, п.ғ.д., профессор З.А.Мовкебаева өзінің баяндамасында арнайы педагогтарды даярлаудағы ғылыми-әдістемелік қолдау үрдісіне тоқталды.

 

Психол.ғ.д., профессор Н.Б.Жиенбаева «Болашақ арнайы педагогтарды цифрландырылған білім беруде психологиялық қолдау туралы мәселені қарастырды. П.ғ.к., доцент О.В. Завалишина, «Арнайы педагогика» мамандығы түлектерінің құзыреттілік тізімін қалыптастыру (құзыреттілік моделі)» тақырыбында өзекті мәселесін ашты.

«Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жол картасының мазмұнын «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімінің PhD, аға оқытушысы С.С.Жакипбекова талдады.

 

«Арнайы педагогика» ББ бағдарламасын жүзеге асыру мен құрылымдарын өзгерту мәселелерін педагогика ғылымдарының кандидаттары А.А.Байтұрсынова мен З.Н.Бекбаева ашып, талқылады.

 

Дөңгелек үстелдің қорытындысында айтылған тақырыптармен, ұсынылған жол картасы белсенді талқыланды. Қатысушылар «Арнайы педагогиканы» жетілдіру бойынша ұсыныстар беріп, шешімдер қабылдады.

 

Негіздеме: Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бөлімінің (ЖБТ) 2021 жылғы 5 қарашадағы «ҚР Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы кезектен тыс онлайн-отырысының ұсынымдары.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу