Педагогика және психология факультеті |
09.12.2021
«Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім жаршысы!» тренинг-семинары
2021 жылдың 8 желтоқсанында №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде кəсіби бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Мектепке дейінгі, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары М.А. Шауенова, Т.С. Жумашева және оқытушы А.Ж. Жакуповалардың ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ - сапалы білім жаршысы!» тақырыбында тренинг-семинары өтті.
Тренинг-семинарына шақырылған арнайы қонақтар Мектепке дейінгі, əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі У.Қ. Қыяқбаева, аталған ББ-ның профессоры А.Е.Манкеш, Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлім жетекшісі Ж.О. Жанкушков, осы колледж түлегі, бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ «6В120100 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы» мамандығының студенті Н.Қ. Шараева, сондай-ақ №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж директоры М.Т. Мендгазиева мен директордың ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары Б.К. Оңғарова. Ал тренинг-семинарыға қатысушылар №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің бітіруші топ студенттері мен педагогтері.
Іс-шараның мақсаты - педагогикалық жоғарғы оқу орындары мен колледждері арасындағы сабақтастықты арттыру және педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық қызметтің беделін көтеру, педагогикалық жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету. Тренинг-семинар case-study, коучинг технологиясы, SWOT-талдау, оқытудың интербелсенді әдістері арқылы өткізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|