Педагогика және психология факультеті |
13.01.2017
«Жүректен-жүрекке!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, жетім балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқажолдармен де қайырымдылықжасау - борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қолұшын созбасқа?! Осыған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институты, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұ.М. және кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар «Жүректен-жүрекке!» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеде қолдан пісірілген тағамдар, тәттілер, моншақтан жасалған бұйымдар, әшекейлер сатылды.Бұл жәрмеңкеге магистранттар мен студенттер ат салысты. Сонымен қатар, оқытушылар тарапынан да үлкен көмек көрсетілді. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы балалар үйіне көмек ретінде берілетін болады. Осындай қайырымдылық іс-шараларды алдағы уақытта да жалғасын табады деп ойлаймыз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|