қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2016

 

«Болашақ ұстаз - 2016» халықаралық конкурсы

 

2016 жылдың 24 қарашасында Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері «Болашақ ұстаз - 2016» халықаралық конкурсына қатысты. Конкурстың инициаторы - Ресей Федерациясының Шешен мемлекеттік университетімен біріккен «Жаңа бастауыш мектеп» Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылым-білім орталығы.
Іс-шара бастауыш сынып мұғалімі мамандығы иелеріне арналды және он-лайн режимде жүргізілді. Конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан), ДМПУ (Махачкала, Дағыстан, Ресей), ШМПУ (Грозный, Шешенстан, Ресей), ИнПУ (Магас, Ингушетия, Ресей), ВМСПУ (Волгоград, Ресей) топтары қатысты.

 

Конкурстың ұраны - «Уақытпен бірге емес, бір қадам бұрын!».

Конкурстың мақсаты: рпедагогикалық ЖОО студенттерінің шығармашылық белсенділіктерін аттыру, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің сапасын жоғарылату, оқу үдерісінде белсенді және интербелсенді технологияларды жүзеге асыруға оқытушылар, студенттер мен магистранттарды тарту.

Конкурстың бағдарламасында төмендегідей номинациялар болды:
1. «Визитка» конкурсы - топтың презентациясы;
2. «Болашаққа қосар үлес» тақырыбындағы студеттер жобасы;
3. «Болашақ ұстаз - қазіргі көзқараста» тақырыбындағы эссе;
4. «Зерттеуші-ұстаз» - үздік ғылыми еңбек.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ тобының қатысушылары конкурс нәтижесі бойынша екінші дәрежелі екі дипломмен және үшінші дәрежелі екі дипломмен марапатталды.

Топ басшысы - 4 курс студенті Кузькина Мария.
Студенттік жобаның жетекшілері -- п.ғ.к., доцент Лебедева Л.А., п.ғ.к., доцент Акпаева А.Б.
Топ жетекшісі - п.ғ.к., доцент Лебедева Л.А.

 

                        

 

 




Кері оралу