қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2021

Педагогика және психология институтында білім алушылармен Академиялық адалдықты нығайтуға арналған онлайн-кездесу

 

2021 жылдың 18-20 қазан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен 1-4 курс білім алушыларымен және магистранттарымен онлайн-кездесу өткізді. Білім алушылар Академиялық адалдық, Этикалық кодекс және студенттің анықтамалық нұсқаулығы сақтау ережелерімен таныстырылды. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Білім алушылар көкейлеріндегі толғандырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар берілді.


Кездесуде бөлім мамандары Ш.Ч Баймолдаева мен И.М Чажабаева оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша толыққанды ақпараттар беріп, кездесуді Оқу ісін басқару және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі А.Т Ақжолова қорытындылады.

 

   

 

   




Кері оралу