Педагогика және психология факультеті |
14.10.2021
Батыс Қазақстан облысының мектеп оқушыларына арналған «Келешекке бастар жол» семинар-тренингі
2021 жылдың 12 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлімі Zoom платформасы арқылы онлайн режимде талапкерлерге арналған «Келешекке бастар жол» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингке Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай ауылының №7 жалпы орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздары, барлығы - 53 адам қатысты.
Іс-шараның мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ мен оның білім беру бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, оқуға түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Шара барысында қатысушыларға видео және презентациялар арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылып, мамандық таңдау ерекшеліктері туралы тренинг өткізілді.
Оқушылар университет және институт білім беру бағдарламалары, жатақхана, мемлекеттік гранттар мен жеңілдіктер туралы сұрақтар қойды. Педагогика және психология институтының Маркетинг бөлімінің жетекшісі аға оқытушы, магистр Жанкушков Бауыржан оқушылардың қызығушылық танытқан барлық сауалдарына жауап берді, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алудың артықшылықтары жайлы әңгімелеп берді.
Жоспарлаған семинар-тренинг сәтті өтті. Оқушыларға байланыс ақпараттары берілді. Кездесу соныңда қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдірді.
Семинар-тренингті өткізуге үлес қосқан Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай ауылының №7 жалпы орта мектебінің ұстаздарына және әсіресе «Химия» пәні мұғалімі, ұйымдастырушы-педагог Аблаева Гүлжанатқа ерекше алғысымызды білдіреміз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|