қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2016

Қазіргі таңда әлем елдерінің жаппай жаһандануы заманында білім беру саласының да жаңа технологиялармен қаруланып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланатыны белгілі. Өйткені, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуында негізгі рөл атқаратын білім ордалары өз міндеттерін қаншалықты дәрежеде атқарып жатыр? Олай дейтініміз, бүгінгі бала - ұялы телефонға үңілген, ғаламторға телмірген, әлеуметтік желілерге байланған бала. Жалпыға бірдей топырақ шашпаймыз, әрине. Десе де, ұлт ертеңі саналатын ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық жоқ деп те айта алмаймыз. 

         Осыған орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1-курс магистранттарына "Бастауыш мектепте интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі" Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, PhD Доктор Уайдуллақызы Эльмира тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ «Білім марафоны» әдісі негізінде 5 кезеңнен тұрды және топтық жұмыс түрінде жүргізілді. 


1-кезең: «We are start!»;

2-кезең: «Зерттеу аймағы»; 

3-кезең: «Тәжірибеңмен бөліс!»;

4-кезең: «Өз атынан сот»; 

5-кезең: «Әдістен әдіс».

 

Сабақтың жоғары деңгейде өтуіне басты себепкер "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1-курс магистранттары мен қонақ ретінде қатысқан магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ, қорытынды ой-пікірлерін білдірген "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Жұмабаева Әзия Елеупанқызына, п.ғ.к., профессор Уайсова Гүлнәр Инаматқызына, п.ғ.к., қауымд.профессор Сәдуақас Гүлбану Теміриязқызына, п.ғ.магистрі, аға оқытушы Омарова Гүлнар Жолдасқызына үлкен алғысымды білдіреміз.

 

                        

                        

 




Кері оралу