Педагогика және психология факультеті |
09.09.2021
Пермь университетіндегі Халықаралық ғылыми форум
Бастауыш білім беру бағдарламалары Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетімен бірнеше жылдар бойы ынтымақтаса жұмыс жасап, студенттер мен педагогтарға арналған бірлескен іс-шаралар өткізуде.
Университеттің 100 жылдығына арналған Халықаралық форум аясында «Бастауыш мектеп: инновациялар мен дәстүрлер» ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
2021 жылғы 7 қыркүйекте өткен конференцияның «Бастауыш сынып мұғалімінің сабақтағы және сабақтан тыс әрекетіндегі түзету-дамыту жұмыстары» алаңында біздің оқытушылармен ынтымақтық байланыстағы Алматы, Қапшағай қалаларының мұғалімдері хабарлама жасады. Ахмет Жұбанов атындағы МҚК «№5 БМО-мен орта мектебінің» бастауыш сынып мұғалімі Шереметова В.А. «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудағы жобалау әрекетінің дамытушылық әлеуеті» (жетекшісі Е.В.Рябова) тақырыбында баяндама жасады. Bilimkana-Almaty School мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Юсупова Надежда, Козленко Алла «Бастауыш мектептегі дифференциациялап оқыту» тақырыбында өз жұмыстарын ұсынды, осы мектептің өкілі Алексеева Анна «Бастауыш мектепте жазуға үйретудегі қиындықтар» (жетекшісі Е.В.Рябова) мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Біздің түлегіміз, қазір №6 гимназияның мұғалімі Ткачёва Алина «Дәстүрлі емес сабақтар кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру тәсілі ретінде» тақырыбындағы өз жұмысын ұсынды.
Бастауыш сынып мұғалімінің жұмысындағы диагностика: студент диагностиканың әр түрлерін өткізуге дайын ба?
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|