қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2021

ҚР және шет елдерде арнайы педагогтарды кәсіби даярлау мәселелері

 

2021 жылы 27 сәуірде «Қазақстан Республикасында және шетелде арнайы педагогтарды кәсіптік даярлау мәселелері» халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 6 баяндамашы және 90-нан астам отандық және шетелдік мамандар қатысты.


Іс-шара мақсаты - Қазақстан Республикасы мен шет елдерде арнайы педагогтарды кәсіби даярлау мәселелерін талқылау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде практикалық тәжірибе алмасу.


Дөңгелек үстел жұмысының бағыттары: Қазақстан Республикасы мен шет елдерде арнайы педагогтарды даярлаудың теориялық және практикалық аспектілері; инклюзивті білім беруде қолданылатын тиімді технологиялар мен оқыту әдістері: тәжірибе және табысты тәжірибелер.


Дөңгелек үстел бағдарламасында кәсіби қарым-қатынастың түрлі форматтары, қатысушылардың, қонақтардың шетелдік және отандық ғалымдармен бейресми кездесулері көзделген.


Модераторлар - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситетінің «8D01901 -Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары Ашимханова Гулбану, Кударинова Асель, Сатимбекова Аида.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу