қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2021

Гуманитарлық білім беруді дамытудың үрдістері мен перспективалары

 

2021 жылдың 22 сәуірінде Педагогика және психология институтында педагог-гуманист, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Бейсенбаева Аида Аршабекқызының 80 жылдығына арналған «Гуманитарлық білім беруді дамытудың үрдістері мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция онлайн және офлайн форматында «Педагогика және психология» бағдарламаларының ұйымдастыруымен өткізілді.

 

Өткізілген іс-шараның ауқымы өте үлкен. Қазақстан Республикасы ғана емес, сондай-ақ шет елдік университеттерінің белгілі ғалымдары қатысты. Елімізге белгілі және шет елдік қатысушы ғалымдар пленарлық мәжілісте баяндамалар жасады. Айта кететін болсақ, Гродно университетінің жалпы педагогика кафедрасының меңгерушісі Тарантей В.П., Яна Купала (Беларусь) профессор Ланин Б.А., Варшава (Польша) А.Герцен атындағы РМПУ білім беруді басқару және кадрлық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Трапицын С.Ю. (Ресей), Рафаэл Романо, экс-Марсель университетінің профессоры (Франция-Италия) Котлярова Т.С., Омбы гуманитарлық академиясының педагогика, психология және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының меңгерушісі (Ресей).

 

Сондай - ақ, техникалық ұйымның деңгейі-трансляция сапасы, шетелдік қатысушылардың баяндамаларын ілеспе аудармамен ұсыну да таң қалдырды.

 

Іс-шара жоғары деңгейде және өте заманауи, мазмұнды, ұсыныстар мен талқылауларға толы болды. Конференцияға өз секциясын өте лайықты ұсынған халықаралық сарапшыларды, сондай-ақ жас зерттеушілерді шақыру маңызды орын алды. Әрбір қатысушы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып және тақырып төңірегінде ойлануларына негіз болды.

 

Конференция өте жоғары денгейде өтіліп, жылы және шынайы атмосферамен ерекшеленді. Бұл конференцияға қатысқан спикерлер мен тыңдаушылардан, әсіресе ардагер ғалымдардың (профессор Хайрулин Г.Т., Уманов Г.А., Мырзахметов М.М., Намазбаева Ж.И., Ильясова А.Н., Кайдарова А.Ж.) сөздерінен сезілді. Конференцияны ұйымдастырған Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі А.Н.Көшербаеваға, баяндамашыларға және ұйымдастырушы командаға үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу