қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2021

«Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағынды қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясындағы «Мән туралы форум» cекциясы

 

2021 жылдың 18 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағынды қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясындағы аясындағы «Мән туралы форум» секциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар - Исалиева Сауле Темирбаевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының үшінші курс докторанты; Попова Татьяна Анатольевна, психология ғылымдарының кандидаты, Ресей білім академиясы Психологиялық институтының аға ғылым қызметкері (Мәскеу қ.); Кошербаева Айгерім Нуралықызы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының басшысы; Момбек Әлия Әнуарбекқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы бас редакторының орынбасары.


Қазылар алқасы жұмысына психология магистрі, тренер-медиатор, Мәскеу психоанализ институтының курс жетекшісі Ирина Ивановна Манина (Мәскеу қ.) және МБОУ СОШ № 26 педагог-психолог Лариса Николаевна Брейтбург (Мәскеу облысы Химки қ.о.) қатысты.


Форумның техникалық модераторлар - Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру Институтының 4 курс студенті Артём Носко; И.В.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандырылған мектеп-лицейі 8 сынып оқушысы Екатерина Мамедова.


Форум жұмысына Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академия студенттері мен оқытушылар, Нұр-Сұлтан, Алматы ққ. және Алматы облысының оқушылары қатысты.

 

    

 

    

 




Кері оралу