қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2021

«Жақында сессия, бірақ барлығы жақсы болады» студенттердің онлайн-кездесуі

 

2021 жылдың 14,15,16 сәуір аралығында Педагогика және психология институты оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Жақында сессия, бірақ барлығы жақсы болады» тақырыбында білім алушылар арасында онлайн-кездесу өтті.

 

Кездесуде «Көктемгі сессияға дайындық» және «Академиялық адалдық» кодексі мен «Цифрлық этикет» тақырыптарында презентация көрсетілді. Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Ақтоты Ақжолова және бөлім қызметкерлері Жақсыгүл Исаев мен Шырын Баймолдаева білім алушыларға 2020/2021 оқу жылының көктемгі сессиясына байланысты ақпараттармен бөлісті. Барлық білім алушылар белсенді қатысып, өздеріне қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

 

   

 

 

   

 

   

 




Кері оралу