қазақша · русский · english
 
 
 
26.09.2016

 

2016 жылдың 23 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессор З.А. Мовкебаева «Международная правовая основа инклюзивного образования» тақырыптағы вебинар өткізді, ұйымдастырушы - жоғары білімі бар «Намыс» Мүгедектер қоғамдық бірлестігі. Вебинарға үкіметтік емес ұйымдар, мүгедек ұйымдары, Қазақстанның барлық аймақтардан мүгедектер қатарындағы Әкімдердің кеңесшілері қатысты.
З.А. Мовкебаева қатысушыларды мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудын халықаралық құқықтық негізімен және мүгедек-балалардың білім беру саласындағы негізгіхалықаралық принциптерімен таныстырып, дамуының мүмкіндіктер шектелген балалардың білім беруді регламенттейтін халықаралық құжаттардың қысқаша шолу ұсынды.
Онлайн-семинардың қатысушылары З.А.Мовкебаеваның презентациясын белсенді талқылады. Онлайн-семинар соңында қатысушылар Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А.Мовкебаева өткізген іс-шараны жоғары бағалап, ұқсас семинарларды өткізуге жалпы қызығушылығын білдірді.




Кері оралу