қазақша · русский · english
 
 
 
12.03.2021

«ПжПИ Үздік студенті-2021» конкурсы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінның Педагогика және психология институты «Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 11 наурыз күні 2-3 курс білім алушылары арасында «Үздік студент» ПжПИ-2021» конкурсы өтті.

 

Конкурстың негізгі мақсаты - оқуда, студенттік өзін-өзі басқару ұйымында, спортта, шығармашылықта және басқа да қызмет салаларында өзін белсенді көрсеткен институт білім алушыларын анықтау және көтермелеу. Байқауға институтымыздың белсенді білім алушылары қатысты. Олар:

1. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 3-ші курс студенті - Әлімжан Шырын;

2. Психология 3-ші курс студенті - Даулеткалиева Эльмира;

3. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2-ші курс студенті- Жолай Әсем;

4. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 3-ші курс студенті - Иса Үкілім;

5. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2-ші курс студенті - Кусаинова Акмарал;

6. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 2-ші курс студенті - Мамажанова Алуа;

7. Психология 3-ші курс студенті - Мырзаева Жансая;

8. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу 2-ші курс студенті - Пахрадинова Айкерім;

9. Психология 2-ші курс студенті - Сенсенбай Индира;

10. Дефектология 2-ші курс студенті - Уласканова Гүлім;

11. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 3-ші курс студенті - Халмахан Айнұр.

 

Студенттер арасында конкурс үш кезеңде өткізілді.

I кезеңге өтінім берген 20 студент арасынан іріктеліп 11 студент келесі кезеңге жіберілді. II кезеңнің бірінші конкурсы бойынша «Мен үздік студентпін» тақырыбында өзін-өзі таныстыру, екінші конкурсы «My creative University» жобасы (Болашақта институтымыздың одан әрі дамуына қандай үлес қосуға болады?) қорғалды. III кезең «Сен білесің бе?» сұрақ-жауап сайысында қамтылған мәселелер:

1. Тәуелсіздігімізге 30 жыл;

2. Университетіміздің тарихы;

3. XXI ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?

4. ХХІ ғасыр студенті қандай болуы керек?

5. ХХІ ғасыр мектебінің мұғалімі қандай болуы керек?

 

Конкурс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Үздік студент» ПжПИ-2021 атағын Мырзаева Жансая иеленді. II дәрежелі дипломмен Әлімжан Шырын марапатталды. III дәрежелі дипломға Даулеткалиева Эльмира ие болды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу