қазақша · русский · english
 
 
 
09.03.2021

«Мектепке дейінгі ұйымды басқарудың корпоративтік мәдениеті» вебинар-семинары

 

2021 жылдың 5 наурызында Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби даярлау бөлімі «6В01012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығының 2-ші курс студенттеріне арналған вебинар-семинар өткізді.


Спикерлер - мектепке дейінгі, әлеуметтік және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі Қыяқбаева Ұлбосын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті теориялық және практикалық психология кафедрасының доценті Бапаева Мариям, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) деканы Таубаева Ғалия және 3-ші курс докторанты Бакетова Мақпал.


Іс-шара мақсаты - болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ұйымдағы корпоративтік мәдениетін дамыту, ұйым стратегиясы, қызметтері және ұйым педагогтерінің имиджін қалыптастыру бойынша ақпарат беру.

 

   

 

   




Кері оралу