қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2021

Алғыс айту күніне арналған іс-шара

 

1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні. 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған бұл мереке жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіледі.

 

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-ші курс (2-топ) студенттері мен эдвайзер Ғалия Абилбакиеваның қатысуымен «1 наурыз-Алғыс айту күні» мерекелік іс -шарасы өтті. Аталған іс-шара мақсаты - студенттерді достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Іс-шара Кенже Оразай ақынның «Рахмет» өлеңінен бастау алды. Топ студенттері Алғыс айту күнінің қысқаша тарихымен танысып,пікір алмасты. Басқа елдерде бұл мерекенің қалай аталып өтетіндігі айтылды. Студенттер бір-біріне жылы лебізді сөздерімен алғыс білдірді. Іс-шара өте шынайы, әсерлі өтті.

 

   




Кері оралу