қазақша · русский · english
 
 
 
15.01.2021

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жаңа бағыттары талқыланды

 

2021 жылдың 14 қаңтарында Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы «6В01101-Педагогика және психология» мамандығының 1-4 курс қазақ және орыс бөлімдерінің студенттеріне «Педагогика және психология білім беру бағдарламасы білім алушыларының оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңаша бағыттары» вебинарын өткізді. Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі Айгерім Көшербаева мен кафедраның белсенді эдвайзерлері Құрманғазы Ағыбай, Айжан Алимкул, Лейла Сахиева, Гүлсара Таженова, Жақсыгүл Исаева, Орынгүл Абильмажинова, Айгерім Сабаз, білім алушыларға 2020/2021 оқу жылының 2 семестрінде оқу үдерісін ұйымдастыру туралы ақпаратпен таныстырды. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда өз кезегінде Педагогика және психология институтының 1 курс студенттері аралас форматта оқуға шақырылатыны туралы ақпарат берілді. Барлық білім алушылар белсенді қатысып, өздеріне қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу