қазақша · русский · english
 
 
 
19.05.2020

Жоғары оқу орындары мен мектептің білім беру бағдарламаларының жаңашыл мазмұны мен әдістері

 

2020 жылы 15 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2025 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарына сәйкес басқарудың жаңа үлгісіне көшу жобасына байланысты Педагогика және психология институтының көлденең циклдық ұйымдық құрылымы мүшелерімен бірге «Жоғары оқу орындары мен мектептің білім беру бағдарламаларының жаңашыл мазмұны мен әдістері» тақырыбында онлайн- вебинар өткізді.

 

Вебинардың мақсаты - жалпы білім беретін мектептен бастап жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларының ерекшелігін талдау және оның нәтижесіне сәйкес құзыретті маман даярлаудың алғышарттарын анықтау.

 

Вебинарға Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Кәсіби менеджер, менеджмент бойынша зерттеуші және бизнес кеңесші Озат Байсеркеев, Стратегияны жүзеге асыру және мониторинг бөлімінің бастығы Эльвира Тәттібаева, Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина және институттың жауапты өкілдері Кеңесінің мүшелері қатысты.

 

Вебинар барысында Озат Байсеркеев келесі сұрақтарға жауап берілді: «ҚР мектептердің бағдарламалары мен әдістемесі қандай болу қажет?» (А. Жұмабаева, Ә. Рысқұлбекова), «Бағдарлама мен әдістемеге сәйкес педагог қандай болуы қажет?» (К.Жампейсова, А. Сатова), « ҚазҰПУ-да кәсіби әлеуеті жоғары мұғалімді дайындау үшін білім беру бағдарламалары қандай болуы қажет?» (А. Кошербаева, Ұ.Кыякбаева), «Жобаны іске асыру үшін эксперименттік (ғылыми-әдістемелік) база (мектеп-серіктес) қандай болуы тиіс?» (А.Ақжолова, А. Аутаева).

 

Қорытынды жасай отырып, спикерлер мен қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу