қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2020

Абайдың тәрбие үдерісіндегі идеялары

 

2020 жылдың 14 сәуірінде Педагогика және психология институты БОПӘ мамандығының 3 курс студенттері «Абай тағылымы тәрбие үрдісінде» онлайн режимде тәрбие сағатын өткізді. Онлайн тәрбие сағаты «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығынын аға оқытушы Мариям Бекбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Whatsapp желісінде студенттермен байланыста болды. Мөлдір Жақсылық Абайдың «Ал,сенейін,сенейін» өлеңін, Гүлжаxан Бекжан отыз бірінші қарасөзін оқыды. Айымгүл Досыбай өзінің шығарған туындысын «Абайға арнау» өлеңі арқылы жеткізді.

 

«Абай атындағы қара шаңырақта, Абайдың өлеңдері және қарасөздерімен сусындап білім алып жүрміз. Абай тағылымы адамды адамдыққа шақыратын бірден бір жол. Абай атамыздың 175 жылдығы құтты болсын!» - деп студенттер өз пікірлерін білдірді.

 

      




Кері оралу