қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2020

БОПӘ кафедрасының студенттері қашықтықтан оқытуға көшті


Елімізде мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту түріне көшетінін міндеттеді.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бұл міндетті жүзеге асыруда алғашқылардың бірі болып,​ оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін педагогтер мен білім​ алушыларға электрондық платформаларға кіруге жағдай жасап берді. Университетіміз «Univer», «Google Classroom», «MOODLE»​ жүйелерімен бірге «ZOOM» бағдарламасын оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.


Соның нәтижесінде «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту жүйесімен, яғни​ онлайн-форматта оқыту үдерісін оқу жүктемесіне, оқу бағдарламасы мен сабақ кестесіне толықтай сәйкес жүргізуде. Кафедрамыздың профессор-оқытушылар құрамы қашықтан оқыту барысында құрал ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстардан үзінділерді пайдалануда.


Бакалавриат және магистратура бөлімдерінің білім​ алшылары қашықтан оқытуда белсенділік танытуда. Оған дәлел сабақ кестесі бойынша өткізген дәрістер мен семинар, практикалық және лабораториялық сабақтардың фото​ есептері​ мен скриншот матриалдары.

 

Әртүрлі қашықтықта отырғандарына қарамастан студенттер мен магистранттар өздеріне жүктелген үлкен жауапкершілікті сезініп, өздерінің білімдерін кеңейту үшін ізденуге, шығармашылықпен ойлануға, диалогқа түсе білуге, өз ойларын дәлелдеуде, ақпарат ресурстарын дұрыс пайдаланып, субъектілік қатынастағы мәселелерді​ шешуде, білімді еркін меңгеріп, оны тәжірибеде қолдануға қабілеттіліктіліктерін көрсетіп отыр.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу