«Абай менің жүрегімде» оn-line вебинары
2020 жылдың 13 ақпанында Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұжымы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Петропавл қаласының «Балауса» балабақшасымен «Абай менің жүрегімде» тақырыбында on-line вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты - Мектеп жасына дейінгі балаларға Абайдың бай мұраларын таныту және мектепке дейінгі ұйымдар - білім мен тәрбие берудің алғашқы баспалдағы екендігін насихаттау болатын.
Вебинарда «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай университетімізде және кафедрада ұйымдастырылып жатқан әртүрлі іс-шаралар мен әдеби танымдық кештер, студенттік олимпадалар, сайыстар өткізіліп жатқанына тоқталып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбындағы мақаласын талқылады. Сондай-ақ вебинарда Абай мұраларын зерттеп, көптеген оқу-әдістемелік еңбектер жазып жүрген профессор Исламия Халитова сөз сөйлеп, Абай мұраларынан сыр шертетін еңбектерімен бөлісті.
Қорыта келе, оn-line вебинары қатысқан «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 1 курс студенттері Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін орындап, «Балауса» балабақша ұжымына «Мен Абайдай боламын» атты челлендж жолдады.