қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2019

Ғылым онкүндігі-2019


12 сәуірде университеттің «Ғылым онкүндігі-2019» аясында Математика, физика және информатика институтының математика, физика және информатика оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Жанболат Қайынбаевтың жетекшілігімен математикалық жарыстар ұйымдастырылды. Конкурс 3 турдан тұратын сайыс түрінде өтті. 4 команда қатысты.

 

Бұл іс-шараның мақсаты - оқу үрдісі арқылы студенттердің біліктілігін арттыру, студенттердің қабілетін кеңейту, студентті тәрбиелеу. Ұпайлар саны бойынша жарыстың жеңімпаздары анықталды және сәйкесінше марапатталды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу