қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

«Белая ладья» шахмат турнирі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институты «Gardе» шахмат клубының ұйымдастыруымен ұлдар және қыздар арасында «Белая ладья» (Rapid 10+3) шахмат турнирі өтті. Турнирге Математика, физика және информатика институтының студенттері мен оның қонақтары, оның ішінде Алматы қаласындағы мектептердің оқушылары қатысты.

 

Ойын «10+3» форматында өткізілді. Турнир өте жоғары деңгейде, тартысты әрі қызық өтті. Нәтижесінде №126 мектеп-лицейінің оқушысы Мэлс Дінмұхаммед 1-ші орынды, Педагогика және психология институтының студенті Досжанов Едіге 2-ші орынды, Бақытжан Дидар 3-ші орынды иеленді. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері Сабид Ернур үздік ойыншы атанды, ал Шакуали Жансая қыздар арасында 1-ші орынға ие болды. Математика, физика және информатика институтының студенті Рахматуллаева Балзира 2-ші, Филология институтының студенті Набихан Саида 3-ші орынды иеленді.Шахмат турнирінің үздік қатысушылары Абай университетінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу