қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2017

2017 жылдың 15 наурызында халықаралық білім беру кластерінің аясында «Әл-Фарабидің геометриялық мұрасы заманауи білім беруде» зияткерлік онлайн конкурс формасында ұйымдастырылған қорытынды мегасабақ өтті. Аталған конкурсқа Қазақстан мен Ресейдің бірқатар білім беру мекемелері қатысты:

- №1 лицей (Ачинск қ.);

- Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия;

- С.А. Ходжиков атындағы №39 лицей;

- Тұран мектеп-лицейі;

- «Жаңа ғасыр» №175 гимназия;

- Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Конкурс үш кезеңнен тұрды:

1 кезең. LearningApps.org ортасында интербелсенді тапсырма орындау

2 кезең. Онлайн тестілеу

3 кезең. Әл-Фарабидің алгоритмі бойынша шаршыны бөлу

Конкурстың нәтижесі бойынша жеңімпаз топтар марапатталды:

I орын - Тұран мектеп-лицейі (1 топ).

II орын - ХББ Назарбаев зияткерлік мектебі (2 топ), №1 лицей (3 топ), №12 гимназия (2 топ).

III орын - Тұран мектеп-лицейі (2 және 3 топ), №175 гимназия (1 топ).

 

Үй тапсырмаларын бағалау нәтижесінде ең үздік жұмыстар таңдап алынды.

 

«Ең үздік визитка» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

- Тұран мектеп-лицейі;

- ХББ Назарбаев зияткерлік мектебі;

- Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия.

 

«GeoGebra ортасында әл-Фараби алгоритмдері бойынша геометриялық фигуралар салуға арналған ең үздік жұмыс» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

- Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия (1 және 3 топ);

- С.А. Ходжиков атындағы №39 лицей (1 топ);

- Тұран мектеп-лицейі (3 топ).

 

«Әл-Фарабидің математикалық мұралары бойынша ең үздік инфографика» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

- Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия (1 топ);

- С.А. Ходжиков атындағы №39 лицей (1 және 3 топ);

- Тұран мектеп-лицейі (1 топ);

- №1 лицей (Ачинск қ.) (2 топ).

Халықаралық білім беру кластері аясында мегасабақтар өткізу идеясын қолдағандары және де оларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқандары үшін аталған мектептердің басшылығы мен мұғалімдеріне үлкен алғысымызды білдіреміз:

- Тұран мектеп-лицейінің директоры - Искакова Г.О., информатика пәнінің мұғалімі - Даутова Т.К., математика пәнінің мұғалімі - Дмитриенко И.А.;

- Ачинск қаласының №1 лицейінің директоры - Спивак С.Ю., информатика пәнінің мұғалімі - Попова Л.В., математика пәнінің мұғалімі - Шамбер И.С.;

- Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның директоры - Сакенова Р.Б., информатика пәнінің мұғалімі - Маметова Г.К.;

- С.А. Ходжиков атындағы №39 лицейдің директоры - Жумагалиев М.С., информатика пәнінің мұғалімі - Тулемисова Г.Н.;

- «Жаңа ғасыр» №175 гимназияның директоры - Манекеева Г.Б.,  информатика пәнінің мұғалімі - Шажабаева К.С., математика пәнінің мұғалімі - Чокубасова Ж.М.;

- ХББ Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры - Алибаева Б.О., информатика пәнінің мұғалімі - Мырсыдыков Е.Т.




Кері оралу