қазақша · русский · english
 
 
 
30.01.2017

2017 жылдың 26 қаңтарында халықаралық инженерлік-техникалық кластер негізінде Қазақстан мен Ресейдің білім беру мекемелерінің қатысуымен «Компьютерлік желілер» тақырыбында төртінші мегасабақ өтті. Мегасабақтың мақсаты - оқушыларды компьютерлік желілердің құрылу және даму тарихымен толығырақ таныстыру, адрестеу тәсілдерін үйрету.

Оқушылардың компьютерлік желілердің құрылу және даму тарихы бойынша білімдерін өзектендіру Timetoast ортасында дайындалған уақыт сызығы (линия времен) арқылы жүзеге асырылды. Оқушылар уақыт сызығының көмегімен тарихи маңызы бар күндермен жүріп өтіп, қосымша қызықты мәліметтермен танысты, LearningsApp ортасында дайындалған тапсырмаларды орындады.

Мегасабақтың екінші бөлігі компьютерлік желілерде адрестеу тәсілдерін оқып-зерттеуге, желі адресін, желідегі компьютердің номерін анықтауға арналған және т.б. есесптеу тапсырмаларын орындауға арналды.

Әдеттегідей, оқушылар тапсырмаларды кіші топтарда орындады, оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында пайда болған сұрақтарына мектеп мұғалімдері мен тьюторлар жауап беріп отырды, ал топтардың жауаптары Google кестесінде тіркеліп отырды. Мегасабақтың соңында халықаралық инженерлік-техникалық кластердің басты бағыт берушісі В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетінің Информатика және білім берудегі ақпараттық технологиялар базалық кафедрасының доценті п.ғ.к. М.А. Сокольская мектептердің орындаған жұмыстарының нәтижелерін хабарлады. Топтардың жинаған ұпайларының қосындысы бойынша бірінші орынды Тұран мектеп-лицейі алды. Ал, аталған білім беру мекемесінің ішіндегі топтар арасынан 3 топты (Утеулиев Г., Фоминых Л.) ерекше атап өтуге болады. Олар ең алғашқы болып барлық берілген тапсырмаларды орындап, ең жоғарғы ұпайға ие болды. 




Кері оралу