Математика, физика және информатика факультеті |
25.12.2016
2016 жылдың 22 желтоқсанында халықаралық инженерлік-техникалық кластер негізінде Қазақстан мен Ресейдің білім беру мекемелерінің қатысуымен «Қолданбалы бағдарламалық қамтама» тақырыбында кезекті мегасабақ өтті. Оқушыларға әртүрлі бағыттағы қолданбалы бағдарламалық қамтамалармен жұмыс істеу мүмкіндігі берілді: 2D және 3D графика, сайт, презентация жасау, оқу элементтерін әзірлеу, видео файлдармен жұмыс, схемалар мен диаграммалар жасау, дыбыспен жұмыс, ғимараттың ішкі көрінісінің дизайны мен жоспарлауы, программалау. Мегасабаққа оқушыларға берілген бағыттар бойынша өздері таңдаған бағдарламалық қамтаманы пайдалану бойынша толық нұсқаулық дайындау тапсырмасы берілді. Бағдарламалық қамтаманы пайдалану бойынша нұсқаулық дайындау мұғалімдер мен тьюторлардың тікелей бақылауымен жүзеге асырылды. Ал, мегасабақта оқушылар басқа мектеп оқушылары дайындаған нұсқаулықтармен жұмыс істеді. Осылайша, олар CompoZER, Synfig Studio, Prezi, SketchUp, PaintTool SAI, Inkscape, Gimp, Blender, LearningApps, Audacity, Planner5d сияқты қызықты әрі танымды бағдарламалық қамтамалармен танысып, олармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Оқушылардың әртүрлі қолданбалы бағдарламалық қамтамалармен жұмыс істеу кезінде үлкен қызығушылық пен жоғары мотивация танытқандығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, сабақты осындай өзгеше формада, яғни Ресей мектептерімен қашықтан қосылу арқылы мегасынып форматында өткізу де, өз кезегінде, ерекше серпіліс бергені анық. Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|