«Машиналар механикасы және робототехникалық жүйелерді математикалық модельдеу» халықаралық семинары өтті
2021 жылғы 19 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы «Машиналар механикасы және робототехникалық жүйелерді математикалық модельдеу» халықаралық семинары өтті» халықаралық ғылыми-практикалык семинар өткізді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, академик Б.Т.Жұмағұлов пен Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректоры Д.Н.Біләлов жүргізді. Семинарға олардың орынбасарлары қатысты: ҚР ҰҒА бас ғылыми хатшысы, академик М.Н.Қалимолдаев; академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы ММИ бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Қ. Төлешов; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Т.Қ.Рамазанов; Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР ҰИА корреспондент мүшесі М.А.Бектемесов және Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.А.Бөрібаев.
Спикерлер:
1. А.Қ.Төлешов - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ө.А.Жолдасбеков атындағы ММИ бас директоры;
2. Е.С.Темірбеков - техника ғылымдарының докторы, профессор (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);
3. Г.Я.Пановко - Ресей инженерлік академиясының академигі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Машина жасау институтының діріл механикасы зертханасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей);
4. М.А.Бектемесов - ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ);
5. В.Г.Хомченко - техника ғылымдарының докторы, профессор, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Автоматтандыру және робототехника» ғылыми орталығының жетекшісі (Омбы қ., Ресей);
6. А.А.Жомартов - техника ғылымдарының докторы, профессор (Ө.А.Жолдасбеков атындағы ММИ);
7. Қ.Бисембаев техника ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ).