қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2016

Халықаралық инженерлік-техникалық кластер аясында 2016 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан), В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті (Красноярск қ., Ресей), Тұран мектеп-лицейі (Алматы қ.), №9 гимназия (Красноярск қ.), №28 лицей (Красноярск қ.), №1 лицей (Ачинск қ.) және №3 мектептің (Ачинск қ.) базасында кезекті мегасабақ өткізілді.

Халықаралық инженерлік-техникалық кластердің Қазақстандағы қатысушылары: Абай атындағы ҚазҰПУ п.ғ.д., профессор Е.Ы. Бидайбековтың басшылығымен информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының жанындағы «Білімді ақпараттандыру және білім технологиялары» халықаралық ғылыми зертханасы қызметкерлері, Тұран мектеп-лицейінің 10 А сынып оқушылары және информатика пәнінің мұғалімі Даутова Т.К. Басты бағыт беруші - информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының «6D011100-информатика» мамандығының 3 курс PhD докторанты Аккасынова Ж.К.

Мегасабақ тақырыбы: Есептеуіш жүйелердің архитектурасы.

Мегасабақ мақсаты: онлайн қызметтерді тиімді пайдалану арқылы оқу жобаларын дайындау негізінде есептеуіш жүйелердің архитектурасы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту.

Мегасабақ виртуалды көрме формасында ұйымдастырылды. Виртуалды стендтке оқушылардың тьюторлардың (студенттер мен магистранттар) жетекшілігімен дайындаған жұмыстары орналастырылды. Оқушылар виртуалды көрмеде серуендіп жүріп басқа оқушылардың жұмыстарымен танысу, өздеріне ұнаған жұмыстарды белгілеу, оларға комментарий қалдыру мүмкіндіктеріне ие болды. Басқа мектеп оқушыларына олардың жұмыстары бойынша сұрақ қою, сонымен қатар өздері де басқа оқушылардың, сарапшылар мен тьюторлардың сұрақтарына жауап берулері үшін желіаралық қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері пайдаланылды. Сабақтың осындай ерекше формасы оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. 

 

Сонымен қатар, мегасабақ барысында Тұран мектеп-лицейінде халықаралық инженерлік-техникалық кластердің басты бағыт берушісі В.П. Астафьев атындағы КМПУ Информатика және білім берудегі ақпараттық технологиялар базалық кафедрасының доценті п.ғ.к. М.А. Сокольскаяның болуы да оқушыларда жағымды әсер қалдырды.




Кері оралу