қазақша · русский · english
 
 
 
02.06.2021

Математика, физика және информатика институты физика кафедрасы Ұлттық рейтингтің ТОП-50 үздіктер қатарына енді

 


 

Білім беру жүйесін дамыту және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін рейтингтер мен оларды елде және әлемде тану ерекше маңызға ие. Ұлттық рейтинг біздің университет үшін, атап айтқанда институттың физика кафедрасы үшін маңызды.

 

Саралау қорытындысы бойынша физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА, корр мүшесі Косов Владимир Николаевич үздік деп танылды. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының топ-50 Ұлттық рейтингіне енген Владимир Косов 5 жыл бойы жоғары рейтингтік нәтижелерді көрсетіп келеді.

 

Профессор В.Н.Косовты кезекті жеңісімен - Қазақстанның жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларының қатарына кіруімен құттықтаймыз және осы жетістіктерін мақтан тұтамыз.

 

Кафедра ұжымы шын жүректен құттықтап, зор денсаулық және қажырлы еңбегі үшін шығармашылық табыс тілейді.

 




Кері оралу